Жапония астанасы Токио мен елдің тағы бірқатар аймағында соңғы бірнеше онжылдықта болмаған қалың қар жауып, соның салдарынан көктайғақ жолдағы көлік апатынан жеті адам мерт болған. Зардап шеккен адам саны мыңнан асады.
Сенбі күні кешке Токиода соңғы 45 жылдың көлемінде алғаш рет қардың қалыңдығы 27 сантиметрге жеткен. Тынық мұхит жағасында орналасқан Сендай қаласындағы күртік қар қалыңдығы бұдан да асып түскені айтылады.
Қарлы боранның салдарынан 20 мыңнан аса үй жарықсыз қалған. Жексенбі күні ішкі бағыттарда ұшатын 300-дей әуе рейсі кейінге қалдырылды. Сенбі күні 700-дей рейс жоспарлы уақытында ұшпай, кейінге шегерілгені хабарлаған еді.
Ауа райының қолайсыздығы бүгін Токиода өтіп жатқан губернатор сайлауына да әсер етіп, дауыс беруге күткендегіден аз адам қатысуы мүмкін дейді бақылаушылар.