Accessibility links

Хомстан бейбіт тұрғындар шығарыла бастады


Сириялық бейбіт тұрғындар қоршауға алынған қаладан эвакуациялануды күтіп жүр. Хомс, Сирия, 7 ақпан 2014 жыл.
Сириялық бейбіт тұрғындар қоршауға алынған қаладан эвакуациялануды күтіп жүр. Хомс, Сирия, 7 ақпан 2014 жыл.
9 ақпанда БҰҰ күштері мен сириялық "Қызыл жарты ай" ұйымы үкімет әскері қоршауға алған Хомс қаласынан арасында негізінен әйелдер мен қарт кісілер бар 600-ге тарта адамды шығарды. Хомстан бейбіт тұрғындар үш күндік бітімнің екінші күні шығарылып отыр. Бітімде көрсетілген мерзім бүгін аяқталады.

Хомстан түсірілген видеожазбаларда адамдарды бейтарап аймақпен тасымалдап бара жатқан БҰҰ көліктері байқалады. Қаланың қалған бөлігінде атыс дауысы естіледі.

Сирияда президент Башар Асадты қолдайтын үкімет әскері көтерілісшілер бекінген қаланы қоршап тұрғанына бір жылдан асты.

Бүгін Женевада Сирия билігі мен оппозициясы арасындағы келіссөздер қайта жалғасуы тиіс.
XS
SM
MD
LG