Accessibility links

Иран МАГАТЭ-нің жеті шартын орындамақ


МАГАТЭ өкілдері Натанз уран байыту зауытында. Иран, 20 қаңтар 2014 жыл.
МАГАТЭ өкілдері Натанз уран байыту зауытында. Иран, 20 қаңтар 2014 жыл.
Иран халықаралық атом энергиясы агенттігімен (МАГАТЭ) ядролық ынтымақтастық бойынша алғашқы, практикалық жеті шараны жүзеге асыруға келісті. Бұл туралы Иран мен МАГАТЭ-нің 9 ақпанда бірлесе жасаған мәлімдемесінде айтылады.

Келісім бойынша, Иран МАГАТЭ өкілдеріне Йезд провинциясындағы Саганд уран кенішіне, Ардакан уран байыту зауытына және Лашкарабадтағы лазерлік орталығына баруына рұқсат бермек.

Иран мен МАГАТЭ өкілдерінің келіссөздері 8 ақпанда, Тегеран мен әлемдік державалар өкілдерінің кездесуіне 10 күн қалғанда басталған.

Иран ядролық бағдарламасы бойынша уақытша келісім қаңтардан бастап күшіне енді.
XS
SM
MD
LG