Accessibility links

Пәкістанның Белуджистан провинциясында сепаратистер үш газ құбырын жарып жіберіп, Пенжаб провинциясында мыңдаған үй газсыз қалды.

Мемлекеттік газ компаниясының басшысы Ариф Хамидтің айтуынша, құбырлар кем дегенде екі күнде іске қосылады. Қазір провинцияның көп бөлігінде газ жоқ.

Пенжаб - Пәкістанның халық ең тығыз қоныстанған провинциясы әрі премьер-министр Наваз Шарифтің туған аймағы.

Тыйым салынған "Белуджи" республикалық армиясының өкілі Сарбаз Балок газ құбырларына жасалған шабуылдарды өз ұйымы жасағанын мәлімдеді. Ол шабуыл таяуда "Белуджи" белсенділерінің өлі күйінде табылғанына жауап ретінде жасалғанын айтады.

Ұйым орталық үкіметті "провинция байлығын талан-таражға салды және халықты кедейлікке ұшыратты" деп айыптайды.

Құқық қорғау ұйымдары "Белуджи" көтерілісшілерін де, үкіметтің арнайы қызметін де "адам құқықтарын бұзады" деп айыптайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG