Accessibility links

Царнаевтың сотын бір жарым жылға шегеруді сұрады


Джохар Царнаевтың Rolling Stone журналында жарияланған суреті. АҚШ, тамыз, 2013 жыл.
Джохар Царнаевтың Rolling Stone журналында жарияланған суреті. АҚШ, тамыз, 2013 жыл.
Бостон марафонындағы жарылыстарды ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевтың адвокаттары сотты 2015 жылдың қыркүйегінен кейінгі мерзімге қалдыруды сұрады. Бұл туралы 10 ақпанда Бостондағы федералдық сотта Царнаевтың адвокаттары мен прокурорлар жасаған үндеуде айтылады.

Адвокаттардың айтуынша, сотты кейінге қалдыруға басты себеп жарылысқа қатысты мыңдаған құжат пен айғақтарды зертету қажеттігінде болып отыр. Прокурорлардың айтуынша, сот процесі үш ай жүруі мүмкін. Егер Царнаев кінәлі деп танылса, қандай жаза тағайындауды анықтауға шамамен бір жарым ай кетеді.

Қаңтар айының соңында АҚШ әділет министрі Эрик Холдер Царнаевқа өлім жазасын беруді сұрауға шешім шығарған.

Бостон марафонындағы жарылыстардан 3 адам қаза тауып, 264 адам жараланған еді. Жарылыстар АҚШ-та 2001 жылы 11 қыркүйекте болған терактілерден кейінгі ең ірі шабуыл болды.

Джохар Царнаев пен оның ағасы, полициямен атыста қаза тапқан Тамерлан Царнаев марафон аяқталатын кезде жарылыс ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Бірақ Джохар Царнаев кінәлі екенін мойындамайды.
XS
SM
MD
LG