Accessibility links

Иран жаңа зымырандарды сынағанын хабарлады


Иран зымыраны. Көрнекі сурет.
Иран зымыраны. Көрнекі сурет.
Иран билігі жаңа үлгідегі баллистикалық екі зымыранды сынақтан сәтті өткізді, деп хабарлайды Иранның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері.

Хабарларға қарағанда, жаңа үлгідегі алдыңғы бөлігі ажыратылатын баллистикалық зымыран мен лазермен басқарылатын "Бина" зымыраны сынақтан сәтті өткізілген.

Иран бүгін елде ислам революциясысының 35 жылдығын атап өтеді. Иран телеарнасының хабарлауынша, президент Хассан Роухани "ирандықтардың жаңа үлгідегі зымырандарды сәтті сынағанын" айтып, ирандықтарды осы атаулы оқиғамен құттықтаған.
XS
SM
MD
LG