Accessibility links

Министр құрылысшылар наразылығына түсінік берді


Тамара Дүйсенова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Сурет ресми сайттан алынды.
Тамара Дүйсенова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Сурет ресми сайттан алынды.
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бүгін Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенін салып жатқан құрылысшылардың наразылығына қатысты түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews агенттігі.

10 ақпан күні "Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенін салып жатқан "Арабтек" компаниясының 700-ге тарта жұмысшысы жалақыларын көбейтуді талап етіп, наразылық танытқан еді. Жұмысшылар жалақыларының аз екенін, компания басшылығы жалақыларын көтеретіні туралы берген уәделерін орындамай жүргенін айтқан.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, компания жеке меншік болғандықтан мемлекет оның жалақы тағайындау қызметіне араласа алмайды.

"Дегенмен, салалық мәселелер әлеуметтік серіктестік, кәсіподақтың талқылауында, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің арасында шешілуі тиіс. Олар үкімет, жұмыс беруші мен жұмысшы қатысатын республикалық үш жақты комиссияға жүгіне алады" деген Дүйсенова үкімет жиынының арасында.
XS
SM
MD
LG