Accessibility links

Ақтөбеде долларды жаңа бағамен де сатпай жатыр


Жергілікті валюта айырбастау пурктерінің бірі. 11 ақпан 2014 жыл.
Жергілікті валюта айырбастау пурктерінің бірі. 11 ақпан 2014 жыл.
Ақтөбедегі ақша айырбастау пунктерінің басым бөлігі бүгін АҚШ долларын Ұлттық банк белгілеген жаңа бағаммен де сатпай жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бүгін Ұлттық банк теңгенің бұрынғы бағамын бұрынғы деңгейінде ұстап тұрудан бас тартып, доллар айырбасының жаңа бағамын 185 теңге деп белгілеген еді.

Азаттық тілшісі бүгін таңертең Ақтөбедегі "Центр кредит" банкінің бөлімшесінде 1 долларды сатып алу 183 теңге, сату 187 теңге деп бекітілгенін, ресейлік "Сбербанктің" Ақтөбедегі филиалдарында доллар 187 теңгеге сатылып, 189 теңгеге сатып алынып жатқанын айтады. "Халық банк" және "Еуразия" банктерінде ақша айырбастау операциялары мүлдем тоқтап тұр.
XS
SM
MD
LG