Accessibility links

Қырғызстанда бала асырап алу қайта жанданды


Қырғызстандық балалар. Көрнекі сурет.
Қырғызстандық балалар. Көрнекі сурет.
Қырғызстанда заңнамаларға өзгерістер енгізілгеннен кейін шетелдіктердің бала асырап алу процесі қайта жанданды. Жаңа ережелер бойынша, бала асырап алуға қатысатын барлық шетелдік компаниялар енді мұқият тексеруден өтуі тиіс.

Қырғызстандық балаларды асырап алу 2011 жылы бұрынғы әлеуметтік қорғау министрі Равшан Сабиров "бала асырап алу жұмысын жеңілдеткені үшін пара алды" деп айыпталған соң тоқтатылған еді. Әлеуметтік даму министрлігінің хабарлауынша, қазір заңнамалар қатаңдатылғаннан кейін бала асырап алуға ниет білдіріп, алғашқы болып құжат тапсырған финляндиялық компанияның құжаттары тексеріліп жатыр.

Сабировқа қатысты жанжал қырғыздың көптеген жетім балаларына АҚШ-тағы асырап алған ата-аналарымен қосылуына кедергі болған. Содан бері кейбір балалар тиісті медициналық көмектің жоқтығынан қайтыс болды делінеді.
XS
SM
MD
LG