Алжирдің шығысында болған ұшақ апатынан бір адам тірі қалды. Hercules C-130 әскери-транспорттық ұшағы 11 ақпанда елдің Ум-эль-Буахи провинциясында таулы жерде апатқа ұшыраған еді.
Тірі қалған адамның хал-ахуалы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Ұшақта жолаушылар мен экипаж мүшелерін қосқанда 103 адам болған. Апат орнынан іздестіру шаралары кезінде ондаған адамның сүйектері табылған. Алдын-ала деректер бойынша, тірі қалған адамнан басқасының барлығы қаза тапқан.
Ұшақта әскерилер ғана емес, олардың отбасы мүшелері, балалары да болған. Армия шенеуніктерінің бірінің айтуынша, апатқа ауа-райының қолайсыздығы, қатты жел себеп болуы мүмкін.