Accessibility links

Доллардың бүгінгі ресми бағамы - 163,90 теңге


Алматыдағы валюта айырбастау пунктерінің бірі. 11 ақпан 2014 жыл.
Алматыдағы валюта айырбастау пунктерінің бірі. 11 ақпан 2014 жыл.
Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бүгінгі бағамын Ұлттық банк 163 теңге деп белгіледі.

Бірақ қазақстандық банктер доллардың бүгінгі курсын 185 теңге мен 189 теңге аралығында ұстап тұр. "Халық банкі" ресми сайтында АҚШ долларын 183,5 теңгеден сатып алып, 185,5 теңгеге сататынын, "Альянс банкі" долларды 182,5 теңгеден сатып алып, 189,9 теңгеге сататынын хабарлады.

Ұлттық банк кеше, 11 ақпанда бұрынғы бағамын ұстап тұрудан бас тартатынын жариялап, доллар бағамын 185 теңге деп белгілеген еді.

Бұл хабардан соң Қазақстанда бірден кейбір банктер мен валюта айырбастау пунктерінде доллар сату тоқтатылды. Кейбірінде доллар қымбат бағаға сатыла бастады.
XS
SM
MD
LG