Accessibility links

Маңғыстауда 12 жұмысшы астан уланған


Маңғыстау облысының картасы. (Көрнекі сурет)
Маңғыстау облысының картасы. (Көрнекі сурет)
Маңғыстау облысында "Каспий Мұнай Құрылыс" компаниясының 12 жұмысшысы тамақтан уланып, ауруханаға түсті деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі.

Министрліктің хабарлауынша, жұмысшылар ақпанның 10-ы күні асханадан тамақтанған кезде уланған. Қазір 12 жұмысшы "астан уланды" деген диагноз қойылып, инфекциялық ауруханада жатыр.

Астан уланғандардың жасы 20 мен 64 жас аралығында деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG