Accessibility links

Пәкістанда жарылыстан 11 адам қаза тапты


Полицейлер мінген автобустың жарылыстан кейінгі көрінісі. Карачи, Пәкістан 13 ақпан 2014 жыл.
Полицейлер мінген автобустың жарылыстан кейінгі көрінісі. Карачи, Пәкістан 13 ақпан 2014 жыл.
Бүгін Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында полицейлер мінген автобуста жанкешті өз-өзін жарып жіберіп, 11 адам қаза тапты. Жарылыстан 50-ге тарта адам жараланған, олардың көпшілігінің жағдайы ауыр деп хабарланды.

Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Бұл оқиға Пәкістан үкіметі мен Талибан арасында елдегі қарулы қақтығыстарды тоқтату туралы бейбіт келіссөздер өтуге аз уақыт қалғанда болып отыр. Екі тарап та келіссөздер кезінде шабуылдардан бас тартады деп жоспарланған.

Кеше елдің солтүстігіндегі Пешавар қаласында шабуылдан тоғыз полицей мерт болды. Одан бір күн бұрын кинотеатрда белгісіз адамдар лақтырған граната жарылып, 13 адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG