Accessibility links

Бельгия балалар эвтаназиясы туралы заңды мақұлдады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Бельгия депутаттарының көпшілігі емделмейтін ауруға шалдыққандардың өз еркімен өлімге мойынсұнуы (эвтаназия) туралы заң жобасын мақұлдады.

Бельгия емделмейтін дертке шалдыққан 12 жасқа толған және одан үлкен жастағылардың өз еркімен өлуіне рұқсат ететін Голландиядан кейінгі екінші ел болмақ.

Cауалнама бойынша, тұрғындардың көпшілігі бұл жаңа ережені қолдайды. Бірақ балалар үзілді-кесілді шешім қабылдауға мәжбүрленуі мүмкін деп қауіптеніп, заң жобасына қарсылық танытқандар да бар.

Заң жобасын қолдайтындар құжат айқын жазылған және эвтаназия құқығы қатерлі ісікке немесе басқа да жазылмайтын аурулардың соңғы кезеңіне шалдыққан жасөспірімдердің аз ғана бөлігіне беріледі дейді.
XS
SM
MD
LG