Accessibility links

ЕО Молдовамен виза режимін жоймақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Еуропарламенттің азаматтық еркіндік, әділет және ішкі істер комитеті көпшілік дауыспен Молдова тұрғындарына визалық режимді жоюды қолдады. Еуропа депутаттары да 25 ақпанда өтетін парламенттің сессиясында жаңа ережені қолдайды деген болжам бар.

Еуропарламенттің Румыниядан сайланған депутаты Мариан-Жан Маринеску Азаттықтың Молдова қызметіне берген сұхбатында "депутаттардың көпшілігі Кишиневтің Еуропамен жақындасу және реформалар жүргізу жолындағы жұмыстары үшін бұл елмен визалық режимді жоюды қолдайды" деді.

Оның айтуынша, Молдова тұрғындары Еуропа Одағына (ЕО) осы жылдың мамыр немесе маусым айларында-ақ еркін бара алады.

Молдовамен визалық режимді алып тастау жайлы мәселе ЕО-ның 2013 жылы қарашада Вильнюсте өткен "Шығыс ынтымақтастығы" саммитінде көтерілген еді. Кишинев ол саммитте ЕО-мен ассоциация туралы келісімге қол қойған.
XS
SM
MD
LG