Accessibility links

Өзбекстанда "Валентин күнімен" күресіп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Өзбекстанда әлемнің көптеген елдерінде "ғашықтар мерекесі" деп сипатталатын "Әулие Валентин күнін" атап өтуге қарсы күрес жүріп жатыр. Елдегі бірқатар жоғары оқу орындарында студенттерден 14 ақпанда "Валентин күнін" атап өтпейтіні туралы қолхат алған.

Дін өкілдері жұма намазынан кейін "Валентин күніне" қарсы уағыздар айтылатынын хабарлады. Билік өкілдерінің пікірінше, "Әулие Валентин күні" өзбек қоғамының дәстүрі мен исламға қайшы".

"Валентин күні" мерекесі соңғы жылдары кейбір кедергілерге қарамастан, жергілікті жастар арасында кең түрде аталып өте бастаған.

Азаттықтың Ташкенттегі тілшісінің хабарлауынша, қалада адамдар бір-біріне жиі сыйлайтын әтір, гүл, шоколад сияқты заттар қымбаттай бастаған.

Қырғызстанның Ош қаласының басшылығы да қала мектептерінің барлығында "Валентин күнін" атап өтуге тыйым салды. Қала билігі мұны "мереке балалардың психикалық дамуына кері әсер етеді" деп түсіндіреді.
XS
SM
MD
LG