Accessibility links

Египетте Мұхаммед Мурсидің соты басталады


Египеттің биліктен кетірілген президенті Мұхаммед Мурсиді қолдайтындар оның портретін ұстап тұр. Каир, 12 қараша 2013 жыл.
Египеттің биліктен кетірілген президенті Мұхаммед Мурсиді қолдайтындар оның портретін ұстап тұр. Каир, 12 қараша 2013 жыл.
Бүгін Египетте "тыңшылық" айыбы бойынша үстінен қылмыстық іс қозғалған бұрынғы президент Мұхаммед Мурсидің сот процесі басталады. Мурси мен тағы 35 адамға "Египетте терактілер жасау үшін шетелдік ұйымдармен астыртын сөз байласты" деген айып тағылған. Тергеушілер Мурсиді палестиндік ХАМАС қозғалысымен, Ливанның "Хезболлах" шииттік тобымен және Иранның "Ислам революциясының сақшылар корпусымен" ымыраласқан дейді. Мурсидің айыбы дәлелденген жағдайда ол өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Египеттің экс-президенті бұдан өзге тағы үш қылмыстық іс бойынша айыпты саналады. Оған «түрмеден қашу әрекетін ұйымдастырды», Каирде 2012 жылы желтоқсанда президент сарайы жанында «шерушілерді өлтіруге арандатушылық жасады» деген айыптар тағылған. Бұған қоса Мурсиге таққан «сот билігіне тіл тигізді» деген және бір айып бар.

Мұхаммед Мурси мен оның жақтастары өздеріне қарсы қозғалған істердің саяси астары барын айтады.

Мурсиді былтыр шілде айында әскерилер биліктен кетіргеннен бері ол тұтқында отыр.
XS
SM
MD
LG