Accessibility links

Ливанда коалициялық үкімет құрылды


Ливан картасы.
Ливан картасы.
Ливанда жаңадан құрылған коалициялық үкімет құрамына «Хезболла» шиитік тобының мүшелері мен бұрынғы премьер-министр Саад Харири басқаратын сүниттер өкілдері енді.

Сүннит Тамам Салям жетекшілік ететін коалициялық үкімет құрамын жасақтау үшін елдегі саяси бәсекелес күштерді мәмілеге көндіруге он айға жуық уақыт кетті.

24 адамнан тұратын жаңа үкімет құрамы туралы жариялаған Салям былтыр Ливандағы саяси дағдарысқа байланысты кейінге шегерілген парламент сайлауын көп ұзатпай өткізу қажеттігін айтты.

Ливандағы негізгі саяси күштер 2013 жылғы сәуірден бері үкімет құрамына қатысты ортақ шешімге келе алмауына көршілес Сириядағы билік пен оппозиция арасындағы қарулы қарсылық себеп болған еді. «Хезболла» Сирия президенті Башар Асадтың режиміне қолдау білдірсе, сүнниттер үкіметке қарсы күресіп жатқан сирия оппозициясын жақтайды.
XS
SM
MD
LG