Accessibility links

Черногорияда шеруге шыққандар мен полиция қақтығысты


Наразылық шеруіне шыққандар мен полиция қарсы тұр. Подгорица, Черногория, 15 ақпан 2014 жыл.
Наразылық шеруіне шыққандар мен полиция қарсы тұр. Подгорица, Черногория, 15 ақпан 2014 жыл.
Сенбі күні Черногорияның астанасы Подгорица қаласында үкіметке наразылық шеруіне шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болды деп хабарлады Азаттықтың Балкан қызметі.

Полиция шеруді тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашып, пиротехникалық гранаталар қолданды. Шерушілер полицияға тас лақтырған. Онға жуық демонстрант ұсталған. Екі жақтан да жарақат алғандар бар.

Әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылған наразылық шеруіне шыққандар елде ұзақ жылдан бері билікте отырған Мило Джуканович үкіметі отставкаға кетсін деген талап қойған. Олар үкіметті коррупцияға батты деп айыптап, жұмыссыздық пен экономикалық қырсыздыққа қарсы пәрменді шаралар қабылдауды талап еткен.
XS
SM
MD
LG