Ирактағы шиитердің ықпалды дінбасы Мұқтада әс-Садр саясаттан кететіні туралы мәлімдеді. Бұл туралы оның мәлімдемесінің қолжазбасы интернеттегі сайтында жарияланды.
Құжатта әс-Садр өзі мен жақтастарының болашақта мемлекеттік қызмет атқару ниеттері жоқ екендігін, парламент сайлауына қатыспайтындарын айтқан. Әс-Садр бірнеше қайырымдылық ұйымдарынан өзге өзімен байланысы бар барлық бірлестіктердің қызметін тоқтатуды ұйғарғанын хабарлаған.
Мұқтада әс-Садрдың есімі 2003 жылы АҚШ әскері Иракқа енген соң жұртқа таныла бастаған. Ол құрған «Махди армиясы» жасағы АҚШ әскери қызметшілерімен бірнеше рет қақтығысып қалған болатын.
Бұған дейін Мұқтада әс-Садр Ирак премьер-министрі Нури әл-Маликимен келісе алмай жүрген. Әл-Малики биыл сәуірде өтетін Ирак парламенті сайлауынан кейін де үкімет басында қалудан үмітті.