Accessibility links

Қарсылық акциясы үшін қамалғанға қолдау танытты


Абақтыдағы белсендіні қолдау
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:25 0:00

ВИДЕО: "Желтоқсан ақиқаты" ұйымының өкілдері өткен сенбіде наразылық кезінде ұсталып, сот шешімімен әкімшілік қамауға алынғандарды қолдау үшін абақтыға келді. Алматы, 17 ақпан 2014 жыл.

Бүгін Алматыда "Желтоқсан ақиқаты" ұйымының үш өкілі 15 ақпанда девальвацияға қарсылық акциясына шыққаны үшін әкімшілік сот шешімімен қамалған азаматқа қолдау білдіру мақсатында Лобачевский көшесінде орналасқан абақтыға барды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, белсенділер қамаудағы азаматқа өздері әкелген гүлді де тапсырмақ болған. Бірақ жабық мекеме қызметкерлері "абақтының перзентхана емес екенін" айтып, гүлдерін қабылдаудан бас тартты. Бұдан соң абақты алдында аз-кем уақыт тұрған белсенділер тарқап кетті.

Алматыда 15-16 ақпан күндері кейбір азаматтар теңге девальвациясы мен қымбатшылыққа қарсылық білдіріп, көшеге шыққан. Екі күн ішінде қырыққа жуық адам ұсталып, олардың біреуі сот шешімімен 10 тәулікке қамалды, ұсталғандардың көпшілігіне әкімшілік айыппұлдар салынды.

Ақпанның 11-і күні Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валюта - теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бұрынғы бағамын ұстап тұрудан бас тартқан соң, теңгенің бағамы күрт түсіп кетті. Сол күнге дейін 155-156 теңгенің төңірегінде болған 1 АҚШ долларының бағамын Ұлттық банк 185 теңге деп белгілеген еді.
XS
SM
MD
LG