Тәжікстанның Куляб қаласында кісі өлтіргені үшін сотталған тұтқын 16 ақпанда түрме басшысын қайшы сұғып өлтіріп тастаған.
Тәжікстан ішкі істер министрлігінің бүгін хабарлауынша, түрме бастығы, 66 жастағы Умар Каюмов бұған дейін кісі өлтіргені үшін он жеті жарым жылға сотталған 29 жастағы Умед Тешаевті жеке кабинетіне шашын алғызуға шақырған.
Тұтқын Каюмовтың кабинетінде оның әуелі басына, сосын денесіне бірнеше рет қайшы сұққан. Ауыр жараланған түрме бастығы ауруханаға жетпей көз жұмған.
Умед Тешаев былтыр сотталғанға дейін шаштараз болып жұмыс істеген.