Accessibility links

Бүгін Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет алаңында жиырмаға жуық адам жиналып, теңгенің күрт құнсыздануына және бағалардың қымбаттауына наразылықтарын білдірді.

Азаматтық белсенді Макс Боқаевтың айтуынша, жиынды полиция мен қала әкімдігінің өкілдері бақылап тұрған, ешкімге тиіспеген.

Алматыда 15-16 ақпанда кейбір азаматтар теңге девальвациясы мен қымбатшылыққа қарсылық білдіріп, көшеге шыққан еді. Екі күн ішінде Алматыда қырыққа жуық адам ұсталып, олардың біреуі сот шешімімен 10 тәулікке қамалды, ұсталғандардың көпшілігіне әкімшілік айыппұлдар салынды.

Ақпанның 11-і күні Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валюта - теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бұрынғы бағамын ұстап тұрудан бас тартқан соң, теңгенің бағамы күрт түсіп кетті. Сол күнге дейін 155-156 теңгенің төңірегінде болған 1 АҚШ долларының бағамын Ұлттық банк 185 теңге деп белгілеген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG