Accessibility links

Шекара қызметі басшысының орынбасары қамалды


ҰҚК департменттерінің бірі. (Көрнекі сурет)
ҰҚК департменттерінің бірі. (Көрнекі сурет)
Астанада ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметі директорының орынбасары Серік Әшімбаев "қызметін теріс мақсатта пайдаланды" деген күдікпен 11 сәуірге дейін қамауға алынды деп хабарлайды әскери сот.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекара қызметі директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары Серік Әшімбаев 13 ақпанда қамауға алынған.

Бұған дейін бас әскери прокурор Ерғали Мерзадинов "Серік Әшімбаев мемлекеттің тұрғын үй алуға бөлінген 300 миллион теңгесін жымқырды деп айыпталғанын" хабарлаған.
XS
SM
MD
LG