Астана қаласы Алматы аудандық 2-соты бүгін «Благодать» шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашқымбаевты «шіркеуге келген әйелдің денсаулығына қасақана залал келтірді» деп айыптап, төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Бақытжан Қашқымбаев 2013 жылдың мамырынан бері қамауда отыр. Оған әуелде «шіркеуге келген әйелдердің бірінің психикасына гипноз арқылы залал келтірді
және құлшылық ету кезінде галлюциногендік сусындар қолданды» деген айыппен қатар «экстремизм» бабы бойынша да айып тағылған. Бұрынғы айыптауларында «шіркеудегі кейбір кітаптардан экстремизм белгілері табылды» деп мәлімдеген прокуратура кейін қылмыстық кодекстің 164 бабы – «экстремизм» бабы бойынша айыптан бас тартты.
Пастор 13 ақпанда өткен соттағы соңғы сөзінде өзіне тағылған айыптарды мойындамай, өзіне қарсы сотты «қолдан жасалған процесс» деп атаған. Пасторды бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымдары қорғаған. Олар «пастор Қашқымбаев діни қызмет туралы қайшылыққа толы жаңа заң негізінде репрессияға ұшырап отыр» деп есептейді.