Accessibility links

Украина оппозициясы өкілдері Меркельмен кездесті


Германия канцлері Ангела Меркель (ортада), Украина оппозициясының жетекшілері Виталий Кличко (сол жақта) және Арсений Яценюк. Берлин, 17 ақпан 2014 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель (ортада), Украина оппозициясының жетекшілері Виталий Кличко (сол жақта) және Арсений Яценюк. Берлин, 17 ақпан 2014 жыл.
Украина оппозициясының жетекшілері Арсений Яценюк пен Виталий Кличко Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесіп, елдегі саяси дағдарысты талқылады.

Кездесулерден кейін Кличко "Меркельді Украина президенті Виктор Янукович пен оның айналасындағы жақын серіктеріне қарсы санкциялар енгізуге, әсіресе Украинадан жасалатын банк аударымдарына бақылау жасауға шақырғанын" айтты.

Яценюк Берлиндегі кездесу барысында "көпжақты үкімет құру мәселесін көтергенін" айтып, "егер ондай үкімет құрылса, Украина Еуропа және Батыс елдерінің қолдауына сүйене алатын еді" деген үміт білдірді. Ол бұған қоса "Еуропа Одағы Украинаға Халықаралық валюта қоры және өз ұйымдары арқылы көрсететін қаржылай көмек көлемін көбейтуге дайын екенін" де айтты.
XS
SM
MD
LG