Accessibility links

Маттео Ренци Италияның жаңа үкіметін жасақтамақ


Италияның демократиялық партиясының жетекшісі Маттео Ренци.
Италияның демократиялық партиясының жетекшісі Маттео Ренци.
Италия президенті Джорджио Наполитано Демократиялық партия жетекшісі, Флоренция қаласының мэрі Маттео Ренциге жаңа министрлер кабинетін жасақтауды тапсырды. 39 жастағы Маттео Ренци бүгін коалиция құру туралы келіссөздер жүргізетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, тұрақты үкімет құру туралы келіссөздер бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Өткен аптада Италия премьер-министрі Энрико Летта отставкаға кеткен еді. Ренци оны "экономикалық мәселелерге дұрыс назар аудармады, оның бір көрінісі - елдегі жұмыссыздық соңғы 40 жылда ең жоғарғы деңгейге жетті" деп айыптап, жаңа үкімет жасақтау туралы бастама көтерген еді.

Егер 39 жастағы Ренци үкімет басшысы болып сайланса, онда Италия тарихындағы ең жас премьер болмақ.

Кеше Италияның ондаған жылдар бойғы облигацияларының кірісі соңғы сегіз жылдағы ең төменгі деңгейге дейін құлдыраған. Сарапшылар "қаржы нарығы осылайша Ренцидің билікке келуіне ықпал етті" дейді.
XS
SM
MD
LG