Алматы облысына қарасты Кербұлақ ауданында кеше, 17 ақпан күні қарлы боранда жолда қалған 20-дан астам көлік бүгін таң ата жолға шықты. Бұл туралы Азаттық тілшісіне осы көліктердің біріндегі жолаушы Әлімбек Нұрбек хабарлады.
Кеше таңғы сағат алтыдан бастап Талдықорғаннан Жаркентке қарай асатын Алтынемел асуында 20-дан астам көлік жиналып қалған еді. Көліктерде арасында жас балалар мен қариялар да бар 80-ге жуық адам болған.
Әлімбек Нұрбектің айтуынша, құтқарушылардың өздері жолды әзер ашып, көліктерге түнгі сағат 12 шамасында барған. Қазір көліктер Сарыөзек кентіне қарай шыққан.