Теңгенің күрт құнсыздануынан кейін Шымкентте тауар бағаларының өскені байқалады деп хабарлайды осы аймақтағы Азаттық тілшісі.
Тұтынушылардың айтуынша, дәрі-дәрмектің бағалары әр дәріханада әртүрлі болғанымен, қалада бағасы қымбаттаған.
Қаладағы дәріханалардың бірінің иесі Разия Әлиева бір фирмада дәрі-дәрмек бағасы 7 пайызға қымбаттатқанын айтты.
«Жібек Жолы» көтерме базарындағы саудагерлер «әкімшілік шіріп, бұзылмаған, түсі жақсы тауарларды бағасы қымбат деп, олар сақталған жүк көліктерінің есігіне қорғасын мөр жабыстырып тастады» дейді. Қазір бұл базарда тек қана иістеніп кеткен немесе ұсақ көкөністер сатылып, арзан бағаны сақтап тұр.
Әкімшіліктің ресми дерегі бойынша, қазір базарда "бір килограмм картоп – 55 теңгеден, ал пияздың килограмы – 35 теңгеден сатылып жатыр". Бірақ Азаттық тілшісі картоптың базардағы көтерме бағасы – 90 теңге, дүкендерде – 110-150 теңге, ал пияз бен сәбіз – 100 теңгеден сатылып жатқанын байқады.
Жеміс-жидек пен көкөніс сатып тұрған адам "әкімшілік тұрақтандыру қорына сақтап келген, килограмы 55 теңге тұратын картоптың шіріп жатқанын, ешкім сатып алмайтынын" айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі "бағаны қымбаттатқандарды жазалаймыз" деп хабарлады. Бірақ саудагерлер тауарларына 10 пайыз ғана үстемақы қосып отырғанын айтып, бұған шағымданады.