Еуразиялық экономикалық комиссия жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламентке, оның ішінде шілтерлі іш киімге қатысты өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды қарауға дайын екенін мәлімдеді.
Комиссияның техникалық реттеу мәселелері туралы министрі Валерий Корешковтің айтуынша, техрегламентте "шілтерлі іш киімнің ылғал тартқыштық қасиеті 6 пайыздан кем болмауы тиіс және ол іш киімнің жекелеген түрлеріне ғана емес, барлық түріне қатысты болуы қажет" деген талап бар.
Корешков мұндай талаптың мемлекетаралық стандарттар қабылданған 2003 жылдан бері қолданыста болғанын айтады. Оның сөзінше, шілтерлі іш киімге қатысты талап Ресей, Қазақстан және Беларусьтің санитарлық талаптарында да болған және ол өзгермеген күйі Кеден Одағының санитарлық нормаларына енгізілген.
Бұған дейін Валерий Корешков Кеден Одағы елдерінде синтетикалық материалдан жасалған шілтерлі іш киімдерге тыйым салынғанын мәлімдеген еді.
"Техрегламентте "тыйым салу" туралы ұғым жоқ. Егер 1 маусымнан бастап техрегламент толықтай күшіне енсе, тыйым салынбайды. Өндірушілер қалай жұмыс істеп келсе, солай жұмыс жасай береді" деді Корешков 18 ақпан күнгі мәлімдемесінде. Оның сөзінше, егер өнім техрегламент талаптарына сай болмаса, өндірушілердің сертификат алуы қиындайды.
15-16 ақпанда Алматыда теңгенің күрт құнсыздануына наразылық көрсету акцияларында белсенділер шілтерлі іш киімге тыйым салуға да қарсылық білдірген еді.