Accessibility links

Каримованың үйінде тінту жасалды


Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова
Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованың Ташкенттегі пәтерінде тінту жасалған соң оның бірнеше жақтасы тұтқындалды.

Каримованың досы, ресейлік журналист Антон Коробковқа сілтеме жасаған Russia Today телеарнасы 18 ақпан күні тінтудің бір күн бұрын болғанын хабарлады.

Тінту кезінде пәтерде болған Гүлнара Каримованың "жігіті" деп сипатталатын Рустам Мадумаров пен оның екі көмекшісі - Гаяне Авакян және Екатерина Клюева да қамауға алынған.

Өзбекстан прокуратурасының вебсайты бұл үшеуінің салықтан жалтару мен қағаз ақша сақтау бойынша тергеуге алынғаны туралы мәлімет жариялады.

Каримованың өзіне қатысты ақша жымқыру айыбы бойынша Швеция мен Швейцарияда тексеру жүріп жатыр.

Бұған дейін Өзбекстан президентінің қызы иелік ететін бірнеше БАҚ парақорлық бойынша күдікке ілініп, оның бұрынғы күзет офицерлері тұтқындалған еді.
XS
SM
MD
LG