Accessibility links

Киевте қаза тапқандар саны 25-ке жетті


Шерушілерге Михайловск соборында жаралыларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Киев, 19 ақпан 2014 жыл.
Шерушілерге Михайловск соборында жаралыларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Киев, 19 ақпан 2014 жыл.
Киевтегі қақтығыстардан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті деп хабарлады Украинаның денсаулық сақтау министрлігі.

Сегіз адам, оның ішінде украиналық "Вести" газетінің журналисі Вячеслав Веремий - ауруханада, төрт адам - ішкі істер министрлігінің госпиталінде көз жұмған. Тағы 13 адамның денесі Киевтің қалалық сот-медициналық сараптама орталығына жеткізілген.

Министрліктің хабарлауынша, бүгін таңертең қақтығыстарда зардап шеккен 350-ден астам адамның медициналық көмек сұрап келген, 240 адам ауруханаға жатқызылған.

Ішкі істер министрлігі тоғыз милиция қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады.

Еуромайдан белсенділері "жұрттың көпшілігі қуғындалудан қорқып, ауруханаға бармай жатқандықтан зардап шеккендер саны бұдан әлдеқайда көп" дейді. Жаралыларға оқиға орнында және Михайловск соборында да көмек көрсетіліп жатыр.

Киевтегі шерушілер мен милиция жасақтарының қантөгіске ұласқан қақтығысы 18 ақпанның таңынан бері жалғасып келеді. Қақтығыстар оппозиция жақтастары конституциялық реформаларды талап етіп, Жоғарғы Рада ғимаратына шерулетіп бармақ болғаннан кейін басталған.
XS
SM
MD
LG