Accessibility links

ЕО Украина шенеуніктеріне қарсы санкция салмақ


Еуропа Одағы елдері сыртқы істер министрлері Украинадағы жағдайға қатысты төтенше жиында. Брюссель, 20 ақпан 2014 жыл.
Еуропа Одағы елдері сыртқы істер министрлері Украинадағы жағдайға қатысты төтенше жиында. Брюссель, 20 ақпан 2014 жыл.
Еуропа Одағы елдерінің сыртқы істер министрлері 20 ақпанда Брюссельде өткен төтенше жиынында Киевтегі қантөгіске және наразылық акцияларын күшпен басуға қатысы бар деп саналатын украин шенеуніктеріне қарсы санкциялар енгізуге келісті.

Брюссель Украинаның бірқатар шенеуніктеріне виза алуына тыйым салып, олардың Еуропадағы активтерін бұғаулауға және Украинаға полицияның манифестанттарға қарсы қолдануы ықтимал кейбір керек-жарақтарды экспорттауға шектеу қоюға шешім қабылдады.

Санкциялар нақты кімдерге салынатыны айтылған жоқ.

19 ақпанда АҚШ Украина үкіметінің 20 шенеунігіне виза беруге тыйым салған.

Киевте 18 ақпаннан бері шерушілер мен милицияның қақтығыстарынан соңғы дерек бойынша 70-ке жуық адам мерт болып, бірнеше жүз адам жараланған.
XS
SM
MD
LG