Чехия билігі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің ісіне қатысты ұсталған Татьяна Параскевичке босқын мәртебесімен бірдей күші бар қосымша қорғау тағайындады. Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Марина Махиткова хабарлады.
"Чехия заңында босқын мәртебесі туралы айтылмайды. Онда саяси баспана түріндегі халықаралық қорғау, гуманитарлық баспана немесе халықаралық қосымша күзет формасындағы қорғау туралы жазылған" деді Марина Махиткова Азаттық тілшісіне.
Параскевичке халықаралық қорғау бір жылға берілген. Мерзімі аяқталған соң оның күшін тағы ұзартуға немесе басқа елден баспана сұрауға болады.
Чехияның Пльзень қаласының өлкелік соты 19 ақпанда 49 жастағы Татьяна Параскевичті абақтыдан босату туралы шешім шығарған еді. Бірақ прокурор бұл шешімге шағым беретінін айтқандықтан ол әлі күшіне енбеген.
Параскевичтің қорғаушылары енді Чехияның сот орындары оны Украина билігіне бермеуге шешім қабылдайды деп үміттеніп отыр. Украина билігі оны қаржылық алаяқтық жасады деп экстрадициялауды сұрайды. Ресей де Параскевичті қайтаруды қалайды.
Ресей азаматы Татьяна Параскевич 2012 жылдан бері Чехияда қамауда отыр. Ол сол жылы Чехияда Мұхтар Әблязовпен байланысты қаржылық қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен ұсталған еді.
Халықаралық Amnesty International ұйымы өткен жылы Параскевич Украинаға немесе Ресейге экстрадицияланса, одан ары қарай Қазақстанға тапсырылып, азапталуы және әділетсіз түрде сотталуы мүмкін деп мәлімдеген.