Accessibility links

Блогер Щелоков 15 күнге қамалды


Блогшы Дмитрий Щелоков.
Алматы қаласының ауданаралық арнайы әкімшілік соты "бұзақылық" бабымен айыпталған блогер Дмитрий Щелоковты 15 күнге қамауға шешім шығарды. Бұл хабарды блогер қамалған арнайы орын Азаттық тілшісіне растады.

"Блогер денсаулығына қатысты шағымданды. Бірақ дәрігер көріп, бәрі дұрыс екенін айтты" деді қамау орны кезекшісі.

Дмитрий Щелоков 15 күнге қамалған белсенді Андрей Цукановқа қолдау көрсету үшін әкімшілік сотқа келгенде ұсталған.

Щелоков бұдан бұрын 5 ақпанда да ұсталып, блогерлер Ринат Қыбраев және Нұрәлі Айтөленмен бірге 10 күнге қамалып шыққан еді.
XS
SM
MD
LG