Accessibility links

Украина 2004 жылғы конституцияға оралды


Украина президенті Виктор Янукович (оң жақта) пен оппозиция басшысы Виталий Кличко келісімді мақұлдаған соң қол алысып тұр. Киев, 21 ақпан 2014 жыл.
Украина президенті Виктор Янукович (оң жақта) пен оппозиция басшысы Виталий Кличко келісімді мақұлдаған соң қол алысып тұр. Киев, 21 ақпан 2014 жыл.
Украина парламенті билік өкілетінің біразын парламентке беретін 2004 жылғы конституцияға оралуды мақұлдады.

Бұдан бұрын Украина президенті Виктор Янукович пен оппозиция басшылары Виталий Кличко, Арсений Яценюк, Олег Тягнибок елдегі дағдарысты реттеу жайлы келісімге қол қойған еді.

Келісімге қол қою рәсіміне Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорский, Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер қатысқан.

Енді ел мерзімінен бұрын президент сайлауы өткізбек. Ол сайлаудың уақыты әлі белгіленген жоқ.

Украина денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Киевте 18 ақпаннан бергі қақтығыстан 77 адам көз жұмыс, жүздеген адам жараланған.
XS
SM
MD
LG