Accessibility links

Армения: Кеден Одағы талаптарының жартысын орындалды


Армения премьер-министрі Тигран Саркисян.
Армения премьер-министрі Тигран Саркисян.
Армения премьер-министрі Тигран Саркисян "Кеден Одағына қосылу үшін қойылған талаптардың жартысына жуығы орындалғанын" мәлімдеді.

Саркисянның айтуынша, "негізгі проблема - Кеден Одағы тауарларының тарифтері Армениядағыға қарағанда жоғары болуы" .

Ол Ереванның Кеден Одағынан жеңілдіктер сұрайтынын, олардың тізімін беретінін мәлімдеген.

Премьер-министрдің сөзіне қарағанда, Армения одан бөлек, Кеден Одағындағы интеллектуалдық меншіктің қорғалуы және техникалық регламенттер мәселесіне қатысты өз ұсыныстарын білдірмек.

Кеден Одағына қосылу туралы заң Армения парламентіне наурыздың аяғында түседі деген ақпарат бар. Бұл ел Кеден Одағына қосылатыны туралы 2013 жылы қыркүйек айында мәлімдеген еді. Мәскеумен бұл одаққа қосылу туралы "жол картасы" да келісілген.
XS
SM
MD
LG