Accessibility links

Украина милиция қызметкерлеріне тергеу басталды


"Еуромайдан" белсенділері Украина Жоғарғы Радасын күзетіп тұр. 22 ақпан 2014 жыл.
"Еуромайдан" белсенділері Украина Жоғарғы Радасын күзетіп тұр. 22 ақпан 2014 жыл.
Украинада ішкі істер министрлігі мен облыстық ішкі істер басқармаларындағы бірқатар қызметкерлердің соңғы болған оқиғалардағы іс-әрекеттеріне қатысты тергеу басталды. Бұл туралы ішкі істер министрі міндетін атқарушы Арсен Аваков хабарлаған.

Оның айтуынша, «соңғы үш күнде наразылық шеруінде ұсталғандардың барлығын босату туралы шешім қабылданған». Сонымен бірге «Майданның өзін өзі қорғау» және «Правый сектор» топтарының өкілдерінің, халық жағына шыққан министрлік қызметкерлерінің қатысуымен өткен кеңестерде Киев көшелерінде тәртіпті қамтамасыз ету, қаладағы маңызды нысандарды қорғап, күзету жайы сөз болған деді Аваков.

Сенбі күні кешке «Майданның өзін өзі қорғау» тобы «Киев» (Жуляны) әуежайы маңында парламенттегі «Батькивщина» фракциясының лидері Арсений Яценюк пен түрмеден босап шыққан экс-премьер Юлия Тимошенконың автомобильдерін тексеруге тоқтатқаны туралы ақпарат тарады. Белсенділер саясаткерлерге құқық теңдігі жайлы ескерткен. «Сіздердің мұнда қалай келіп кіргендеріңіз біздің шамымызға тиді. Біз ешқандай «пысықайлар» (блатной) жоқ, жаңа Украина құрғымыз келеді» деді белсенділердің бірі Яценюкке. Сонымен бірге олар Тимошенкоға революцияны кімдер жасағанын ұмытпауды және үмітті ақтауды ескерткен деп хабарлайды «Украинская правда» басылымы.
XS
SM
MD
LG