Accessibility links

Холокост қырғынын көрген әйел қайтыс болды


Нацистік билік құрған Освенцим концентрациялық лагері. (Көрнекі сурет)
Нацистік билік құрған Освенцим концентрациялық лагері. (Көрнекі сурет)
Лондонда Холокост қырғынынының ең кәрі куәгері, 110 жастағы еврей әйелі Алиса Герц-Зоммер қайтыс болды.

Алиса Герц-Зоммер 1903 жылы Прагада туған. 1943 жылы нацистер Алиса Герц-Зоммер мен оның ұлы Рафаэльді мыңдаған адамның өмірі қиылған Терезин концлагеріне айдауға жіберген. Оның күйеуі Леопольд пен анасы София Освенцим лагерінде қаза тапқан.

1945 жылы совет армиясы Терезин лагеріндегі тұтқындарды азат еткенде Алиса Герц-Зоммер ұлы екеуі босап шығады. Ол Ұлыбританияға бармай тұрып Израильге эммиграция жасаған.

Алиса Герц-Зоммер туралы түсірілген "Нөмірі алтыншы ханым" фильмі Оскар сыйлығына ұсынылған.

Немересі Ариэль Зоммердің айтуынша, Алиса Герц-Зоммер 23 ақпанда отбасында дүниеден өткен.
XS
SM
MD
LG