АҚШ Украина Жоғарғы Радасының Украина президентінің міндетін атқарушыны тағайындаған шешімін құптайтынын мәлімдеді.
23 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың телефонмен әңгімесінен кейін мемлекеттік департаментінің аты-жөнін атамаған өкілі осылай деп айтқаны туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Дипломаттың айтуынша, Джон Керри Сергей Лавровпен Украинадағы жағдайға байланысты сөйлескен. Керри АҚШ-тың Украина парламентінің президент және премьер-министр міндетін атқарушыларды тағайындағанын қуаттаған.
Мемлекеттік департаменттің ұстанымы бойынша, Жоғарғы Рададағы дауыс беру "Украинада тұрақтылық пен бейбітшілікті тез арада қалпына келтірудің және күрделі қаржылық проблемалардың таяу уақытта шешудің ең жақсы тәсілі" болып саналады.
Керри телефонмен әңгімеде Ресей АҚШ, Еуропа Одағы және басқа да мүдделі тараптармен бірге Украинаның дағдарыстан біріккен, батыл түрде шығып, жаңа сайлаулар өткізуіне және реформалар жасауына көмектеседі деген үмітте екенін білдірген.
"АҚШ Украинаның егемендігі, оның территориялық тұтастығы мен демократияны таңдау еркіндігін барлық елдер құрметтейді деген сенімде" деген Джон Керри.
22 ақпанда Украина парламенті президент Виктор Януковичті биліктен шеттеткен. Сол күні Киевтен кетіп қалған оның қайда екені әзірге белгісіз.
Ақпанның 22-і күні кешкісін Украинаның UBR телеарнасына берген сұхбатында Виктор Янукович отставкаға кетпейтінін айтқан. Ол елде болып жатқан жайттарды «бандитизм», «мемлекеттік төңкеріс» деп атап, Жоғарғы Раданың сенбі күні қабылдаған барлық шешімдерін «заңсыз» деп мәлімдеген.