Украинаның тоғыз облыстың басшысы отставкаға кету туралы өтініш білдірді.
Львов, Тернополь, Волынск, Ивано-Франковск, Житомир, Николаевск, Кировоград, Полтавск және Винницк облыстарының ресми сайттарында губернаторларының отставкаға кететіні туралы мәлімдемелері жарияланған.
Мәлімдемелердің көпшілігінде губернаторлар отставкаға "елде қалыптасқан күрделі саяси жағдайға байланысты" және аймақтарда қарсылықтардың бұдан ары жалғаспауы үшін кететіні айтылған.
Украинаның шығысындағы Харьков облысының губернаторы Михаил Добкин бұған дейін Ресейге қашып кеткен еді. Кеше Ресейден оралған ол отставкаға кету ниеті жоғын мәлімдеген.
Бірақ Харьков облыстық әкімшілігі алдында наразылық танытып тұрған үш мыңға тарта адам губернаторды кабинетіне кіргізбеген. Әкімшілікке қарсы бағыттағы көшеде жергілікті билікті жақтайтындар да акция өткізіп, әкімшіліктің алдын босатуды және белсенділердің Харьковтен кетуін талап етіп жатыр.
Кеше Севастопольде мыңдаған адам "халық еркін білдіретін митингіге" шығып, қала басшысы етіп Ресей азаматы Алексей Чалыйды сайлау туралы қаулы қабылдаған.
Қырымның "Навигатор" агенттігінің хабарлауынша, митингіде бір де бір Украина туы болмаған. Митингіге қатысушылар бұған қоса Киевке салық төлеуден бас тартуды және милицияны қала билігіне бағынышты етуді қолдап дауыс берген.
Украинада губернаторларды президент тағайындайды. Виктор Янукович бұл қызметтерге өзінің "Аймақтар партиысының" өкілдерін қойған.
22 ақпанда Украина Жоғарғы Радасы Януковичті отставкаға жіберген. Содан бері оның қайда екені белгісіз.