Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Вашингтонда АҚШ президенті Барак Обамамен және вице-президент Джо Байденмен кездесті.
Ақ үй таратқан мәлімдемеге қарағанда, Обама мен Байден Гарибашвилиді "елінде билік бірінші рет бейбіт, демократиялық түрде ауысқанымен" құттықтаған. Олар Грузияда заң үстемдік құрып, демократиялық прогресті нығайту үшін Гарибашвилиді Грузиядағы барлық саяси күштер басшыларымен және азаматтық қоғаммен жұмыс істей беруге шақырды.
Обама мен Байден Грузияға аймақтық және халықаралық мәселелердегі, оның ішінде НАТО-ның Ауғанстандағы миссиясын атқаруына үлес қосқан сенімді әріптес ретінде алғыс айтқан.
Гарибашвили Вашингтонға жасаған екі апталық сапарында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен де кездесіп, 2009 жылы қаңтарда қол қойылған стратегиялық әріптестікті іске асыру туралы келіссөздер жүргізбек.
Грузия делегациясы құрамында сыртқы істер министрі, экономика министрі, Еуропа Одағы және НАТО-мен интеграцияға, инвестиция саласына жауапты шенеуніктер де бар.