Accessibility links

Пәкістанда шабуылдан 25 содыр мерт болды


Пәкістан картасы. Көрнекі сурет.
Пәкістан картасы. Көрнекі сурет.
Пәкістан армиясы Солтүстік Вазиристан провинциясында күдікті содырлар бекінді делінген аймаққа әуеден шабуылдар жасады. Әскерилердің есептеуінше, шабуылдардан 25 содыр қаза тапқан.

Соңғы әуе шабуылдары негізінен Солтүстік Вазиристандағы "Талибанның" дайындық лагерлері мен нысандары орналасқан делінетін Шауаль алқабы мен Даттахель ауылы маңында жасалған.

Пәкістанның әскери жойғыш ұшақтары аймақты осы айдың басында үкіметтің "Талибанмен" бейбіт келісім жүргізу әрекеті сәтсіздіккке ұшыраған соң шабуылдай бастаған.

Солтүстік Вазиристан тұрғындары соңғы күндері аймақта кең ауқымды әскери операциялар жүргізілуі мүмкін деген қауіппен үйлерін тастап, Банну мен Кохат аймақтарына, Пешавар қаласына кетіп жатыр.
XS
SM
MD
LG