Accessibility links

Нигерияда қарулы топ ондаған оқушыны өлтірді


Нигериядағы шабуыл
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:43 0:00

ВИДЕО: "Боко Харам" ұйымының мектепке жасаған шабуылынан кейін. Нигерия, 25 ақпан 2014 жыл.

Нигерияда "Боко Харам" исламшыл экстремистік ұйымының сарбаздары елдің солтүстік-шығысындағы Йобе штатында мектептердің біріне шабуыл жасап, 59 оқушыны өлтіріп тастады деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Жергілікті полицияның 25 қазанда хабарлауынша, содырлар кейбір балаларға оқ атса, кейбірін тірідей өртеп жіберген. Ел президенті Гудлак Джонатан оқушыларға шабуылды "адами және моральдық принциптерден жұрдай, есінен адасқан фанаттардың қатыгездікпен кісі өлтіруі" деп атады.

"Боко Харам" атауы жергілікті тілден аударғанда "батыстың біліміне тыйым салу" деген мағынаны білдіреді. Ұйым Нигерияның солтүстігінде исламшыл мемлекет құруды көздейді.

Ұйым мүшелері ақпанның ортасында елдің солтүстік-шығысындағы Борно штатындағы ауылдардың біріне шабуыл жасап, 90 адамды қырып тастаған еді.

"Боко Харам" содырлары мектептер мен оқу орындарына жиі шабуыл жасайды. Ұйым шабуылдарынан осы кезге дейін мыңдаған адам құрбан болған.

AzattyqTV

AzatNews 24.05.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:31 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG