Accessibility links

Ресей флоты: Қырым әуежайларын қоршаған жоқпыз


Симферополь әуежайын торуылдап жүрген қарулы белгісіз адам. Симферополь, Қырым, 28 ақпан 2014 жыл.
Симферополь әуежайын торуылдап жүрген қарулы белгісіз адам. Симферополь, Қырым, 28 ақпан 2014 жыл.
Ресейдің Қара теңіз әскери флоты "Севастополь түбіндегі Бельбек әуежайына барар жолды жабуға Ресей әскерилерінің қатысы бар" деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Қара теңіз флотының ешқандай әскери бөлімшелері Бельбек ауданындағы әуежайды қоршауы қатысуы былай тұрсын, орнынан қозғалған жоқ" деді флоттың ресми өкілі "Интерфакс" агенттігіне.

Бұған дейін Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков Севастополь мен Симферополь әуежайларын Ресейдің Қара теңіз флотының әскерилері бұғаулап тұр деп мәлімдеп, Қырымда болып жатқан жағдайларды "Ресейдің әскери басқыншылық жасауы" деп атаған. Оның айтуынша, Севастополь әуежайы қазір жұмыс істеп тұрған жоқ. Әуежай ішінде Украина шекарашылары мен әскерилері жүр. Сыртта камуфляж киген қарулы адамдар торуылдап жүр.

28 ақпанға қараған түні Симферополь мен Севастополь әуежайларына 150-ге жуық қарулы адам түсірілген еді. Қазір Севастополь әуежайы қоршауға алынған. Ал Симферополь әуежайы жұмыс істеп тұр. Бірақ әуежай ішінде қарулы адамдар бар. Олар өздерін "Қырымның өзін-өзі қорғау отрядының" өкілдері деп атап, әуежайды қоршауға алған украин милициясымен қандай да бір келіссөздер жүргізуден бас тартып отыр.

Әзірге милиция мен қарулы топ арасында ешқандай қақтығыс болған жоқ.
XS
SM
MD
LG