Accessibility links

Навальный екі айға үйқамаққа алынды


Ресей оппозициясының жетекшісі Алексей Навальный сот залында отыр. Мәскеу, 28 ақпан 2014 жыл.
Ресей оппозициясының жетекшісі Алексей Навальный сот залында отыр. Мәскеу, 28 ақпан 2014 жыл.
Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный екі айға үйқамаққа алынды.

Үйқамаққа алу туралы шешімді бүгін Мәскеудің Басман аудандық соты шығарды. Сот тергеу орындарының Алексей Навальныйге "Ив Роше" компаниясындағы алаяқтық қатысты іс бойынша бұлтартпау шарасын қатаңдату туралы шағымын қараған еді.

Сот Алексей Навальныйдің пәтерінен ұзап шығуына, туыстары мен адвокаттардан басқа адамдармен қарым-қатынас жасауына, телефон, почта және интернет қолдануына тыйым салған.
XS
SM
MD
LG