Accessibility links

Обама Ресейге қатаң ескерту жасады


АҚШ президенті Барак Обама жұма күні бірінші рет Ресейге ашық түрде қатаң ескерту жасады.

Ол Украина жеріндегі Ресей әскері туралы мәлімет расталса, "бұл - Ресейдің Украина егемендігі мен тәуелсіздігін сыйлау жөніндегі қуаттауын және халықаралық заңдарды біржақты бұзуы" болып табылатынын айтты.

Обаманың айтуынша, "Украина егемендігі мен жер аумағы тұтастығын бұзатын кез келген әрекет - тұрақсыздық факторы, бұл Ресейдің де, Украинаның да, және Еуропаның да мүддесіне қайшы келеді".

Барак Обама Ақ үйде тілшілер алдында осы туралы айта келіп, вице-президент Джо Байденнің Украина туралы Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG