Accessibility links

Қырым Ресейден көмек сұрады


Cимферополь көшесіндегі белгісіз әскери адамдар. 28 ақпан 2014 жыл.
Cимферополь көшесіндегі белгісіз әскери адамдар. 28 ақпан 2014 жыл.
Бүгін Қырым автономиясының жаңа басшысы Сергей Аксёнов Ресей президенті Владимир Путиннен көмек сұрайтынын білдірді. Ол Ресей басшысынан автономия аумағында бейбітшілік пен тыныштық сақтауға септесуді сұрады.

Аксёновтің бұл мәлімдемесі Ресейдің "Россия-24" телеарнасы арқылы көрсетілген.

Қырым басшысы өзінің бұл шешімін автономия жерінде белгісіз қарулы топтар және әскери көліктердің жүргендігімен түсіндірген. Айтуынша, жергілікті күштік құрылымдар "жағдайды тиімді түрде бақылауға қабілетсіз".

Кремль Қырым автономиясы басшысының өтінішін аяқсыз қалдырмайтындығын білдірген.

Бұдан алдын Украина президенті қызметін атқарушы Жоғарғы Рада төрағасы Александр Турчинов "Ресейдің Қырымдағы басқыншылық әрекетін" айыптап, Ресей президенті Владимир Путинді "арандатуды" тоқтатып, әскерді кейін әкетуге шақырған. Украинаның жаңа үкіметі Қырымдағы белгісіз әскерді Ресейдікі деп таниды. Ресей ақпарат құралдары бұл әскерді "өзін-өзі қорғау жасағы" деп атайды.
XS
SM
MD
LG