Accessibility links

Яценюк: Украина "арандатуға" күшпен жауап бермейді


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.
Украина үкіметінің басшысы Арсений Яценюк Мәскеуді тағы да Қырым түбегіндегі Ресей әскері әрекетін тоқтатуға шақырды.

Ол Украинаның Ресей "арандатуына" күшпен жауап бермейтіндігін атап көрсетті.

Бұл туралы Украина премьер-миниистрі теледидар арқылы трансляция жүргізілген министрлер кабинеті жиынында айтқан.

"Ресей әскерінің Украина жеріндегі сәйкессіз құзыры арандату болып табылады. Ресейдің Украинаны күш қолдануға итермелеуі сәтсіз аяқталды,-"деді Яценюк.

УДАР партиясының төрағасы Виталий Кличко да Ресейді "күш қолдану арқылы емес, өзара сыйластық негізінде" байланыс орнатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG