Accessibility links

Армения Кеден Одағына жуықта кіретінін мәлімдеді


Арменияның бұрынғы президенті Левон Тер-Петросян шеруде сөйлеп тұр. Ереван, 1 наурыз 2014 жыл.
Арменияның бұрынғы президенті Левон Тер-Петросян шеруде сөйлеп тұр. Ереван, 1 наурыз 2014 жыл.
Армения билігі бірнеше аптада Кеден Одағына кіруге әзірлікті аяқтайтынын хабарлады. Бұл одаққа қазір Ресей, Қазақстан және Беларусь мүше.

Армения сыртқы істер министрінің орынбасары Шаварш Кочарян 1 наурыз күні "Ереванның барлық шарттарды сәуір айының ортасына дейін орындап бітетінін" айтты.

Армян оппозициясы азаматтарды Кеден Одағы шарттарын «қабылдауға» шақырды. Оппозициялық Армян ұлттық конгресінің (АНК) жетекшісі, Арменияның бұрынғы президенті Левон Тер-Петросян "ел болашағын Еуропа Одағымен емес, Кеден Одағымен байланыстыратынын" мәлімдеді.

Бұл туралы ол 1 наурызда өткен шеруде айтқан. 2008 жылы 1 наурызда оппозиция жақтастары мен полиция қақтығысынан 10 адам қаза тапқан еді. Сенбі күнгі шеру осы оқиғаны еске алу мақсатында өткен.

Экс-президент Арменияның қазіргі билігін сынай келе, "Қай одақта болса да (Кеден Одағы мен Еуропа Одағын айтады - ред.) Армения негізгі проблемаларын шешуі тиіс" деген.

Армения ЕО-мен келісімнен бас тартып, Кеден Одағына қосылатынын жайында 2013 жылы қыркүйек айында мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG